Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында Азия чемпионатын жеңіспен бастады.

Фото: ҰОК

Отандастарымыз алғашқы ойынында Жапониямен шеберлік байқасты. Алғашқы екі кезеңде қарсыластар екі-екі шайбадан соқты. Шешуші кезеңде қазақстандық хоккейшілер тағы бір мәрте көзге түсті.

Жапония — Қазақстан 2:3 (1:1, 1:1)

  • 1:0 — Танеки (Исогай, Ишида) — 03:32
  • 1:1 — Мұхаметов (Гренц) — 04:38
  • 1:2 — Мигунов (Мерзликин, Маңғысбаев) — 27:11
  • 2:2 — Кимура (Ишида) — 33:40
  • 2:3 — Никитин (Гатиятов, Гусейнов) — 50:02

Қақпашылар: Оцука — Нурек

Енді отандастарымыз алдағы ойынын 7 қазанда Қазақстан уақытымен 13:30–да Қытайға қарсы өткізеді. Одан кейін 8 қарашада 13:30–да Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасының тізімі

Қақпашылар: Антон Осокин, Сергей Кудрявцев (екеуі де — «Торпедо»), Владислав Нурек («Номад»).

Қорғаушылар: Степан Александров, Данил Бутенко, Фёдор Хорошев (барлығы — «Торпедо»), Артем Королев, Александр Макаров, Кирил Никитин, Руслан Тусупбеков (барлығы — «Номад»), Эдуард Михайлов («Сарыарқа»).

Шабуылшылар: Артур Гатиятов, Дмитрий Гренц, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Максим Мухаметов (барлығы — «Торпедо»), Артур Гросс, Абай Мангисбаев, Александр Мигунов, Никита Мерзликин (барлығы — «Номад»), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Евгений Рымарев («Алматы»), Оскар Юлбарисов («Горняк»).

Ел құрамасының бас бапкері қызметін «Барыс» командасының өкілі Талғат Жайлауов атқарады. Бапкердің көмекшілері ретінде клуб жүйесінің өкілдері Константин Пушкарев пен Роман Старченко жұмыс істейді.

Сонымен қатар штаб құрамына қақпашылар бапкері Александр Смелянец, дене дайындығы жөніндегі бапкер Игорь Елисеев және видео бапкер Владислав Белан енді.