Бүгін команданың бас бапкері Ари-Пекки Селин әлем біріншілігінде ойнайтын команда құрамын жариялайды деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, команда Францияда өткен оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңін аяқтаған соң Беларусь жеріне ұшып келген. Осы жиын барысында құрама капитаны болып Николай Антропов тағайындалды. Айта кетейік, Қазақстан командасы топтық кезеңде Финляндия, Россия, АҚШ, Швейцария, Германия, Латвия және Беларусь Республикасының командаларымен бақ сынасады.