НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 17 сәуірде әлем чемпионатына дайындығын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқу-жаттығу жиыны елордада өтеді деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, биыл жаһандық дода 85 мәрте жалауын көтереді.
Ол 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында болады.
Қазақстандық маман Юрий Михайлис жетекшілік ететін құрама топ-дивизионда А тобында сынға түседі.
Қарсыластары - Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Франция және Италия құрамалары.
Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австрия шеберлік байқасады.
Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Данияға қарсы өткізеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.