Хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатындағы жарыс жолын бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Германия командасына қарсы өткізеді, деп хабарлады еліміздің Шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметінен.

Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы әлем чемпионатында Германияға қарсы шығатын құрамды жария етті.

Сонымен, қақпашылар : Виталий Еремеев, Алексей Иванов

Алғашқы бестік : Вадим Краснослободцев, Николай Антропов, Роман Старченко.

Қорғаушылар: Алексей Литвиненко - Кевин Даллмэн.

Екінші бестік: Константин Пушкарев, Дмитрий Уппер, Константин Романов. Қорғаушылар : Артемий Лакиза - Роман Савченко. Үшінші бестік: Талғат Жайлауов, Федор Полищук, Андрей Гаврилин.

Қорғаушылар: Антон Казанцев - Алексей Васильченко.

Төртінші бестік : Михаил Паньшин, Андрей Спиридонов, Михаил Рахманов.

Қорғаушылар: Евгений Блохин - Максим Семенов.

Біздің хоккейшілердің келесі ойыны 11 мамыр күні Беларусь Республикасы командасымен өтеді. Ал 13 мамырда Қазақстан құрамасының қарсыласы Латвия, 14 мамырда Ресей, 16 мамырда АҚШ, 17 мамырда Швейцария, сонымен бірге дәл сол күні Финляндия болмақ.

Естеріңізге, сала кетейік, шайбалы хоккейден әлем чемпионаты кеше Минскіде басталған болатын. Байрақты бәсекеде әлемнің хоккейден үздік құрама командалары бақ сынауда.