НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында Латвиямен екі мәрте жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі кездесу де Латвия жерінде болады. Ойындар әлім чемпионаты алдында ұйымдастырылады.
Еске салсақ, ел құрамасы әлем чемпионатында Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Италия және Франция құрамаларымен А тобында сынға түседі. Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австрия бар.
Әлем чемпионаты 13 және 29 мамыр аралағында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.