Хоккейден Қазақстан Президенті Кубогын Астана қабылдайды

АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Тамыздың 10-ы мен 14-і аралығында Астанада Қазақстан Республикасы Прзидентінің Кубогы үшін хоккейден бірінші халықаралық турнир өтеді.

Хоккей жанкүйерлері асыға күткен бұл сайыс елордадағы «Қазақстан» Спорт сарайында өтеді. Президенттің Бірінші Кубогы үшін өтетін бұл сайысты «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы мен Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы ұйымдастырып отыр. Турнирдің ақпараттық демеушісі - «Нұр Медиа» медиахолдингі. Турнирға төрт елдің, атап айтқанда Ресей Федерациясы, Латвия, Беларус Республикасы мен Қазақстанның командалары қатысады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін хоккейден бірінші халықаралық турнир ойындарының күнтізбесі

Тамыздың 10-ы, сейсенбі

15:00 «Динамо», Рига қаласы - «Динамо», Минск қаласы

19:00 «Барыс», .Астана қаласы - «Атлант», Мәскеу облысы.

Тамыздың 11-і, сәрсенбі

15:00 «Атлант», Мәскеу облысы - « Динамо», Минск қаласы

19:00 «Барыс», Астана қаласы - «Динамо», Рига қаласы

Тамыздың 13-і, жұма

15:00 «Атлант», Мәскеу облысы - « Динамо», Рига қаласы

19:00 «Барыс», Астана қаласы - «Динамо», Минск қаласы

Тамыздың 14-і, сенбі

13:00 3 - 4 орындар ойнатылатын матч

17:00 1 - 2 орындар ойнатылатын матч.