деп хабарлады Vesti.kz.
Хоккейшінің жұбайы Стэйси қыз бала туды, оның есімі - Мила. Ерлі-зайыптылардың Ноа және Джексон есімді екі ұлы мен Эйва деген қызы бар.
Жаңа туған нәресте анасымен бірге Солтүстік Америкада, Кевинді оларға бару үшін клубтың жиынынан да босатты.
Еске сала кетсек, Даллмэн төрт маусым бойы «Барыс» хоккей клубының капитаны болды, оның құрамында қорғаушылар арасында Құрлықаралық хоккей лигасында 102 рет допты дәл беріп, рекорд орнатқан болатын. Өткен жылы ол Қазақстанның азаматтығын алды.