Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Норвегиямен жолдастық кездесу өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM – Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысында Норвегиямен жолдастық кездесу өткізеді.

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Бұл кездесу 20 сәуірге белгіленген.

Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Финляндияда өтеді.  

Дүбірлі додада қазақстандық хоккейшілер 20 жылдық үзілістен кейін қайтадан бақ сынайды. Былтыр олар бірінші дивизионда жеңімпаз атанып, элиталық дивизионда ойнауға мүмкіндік алды. 

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Вантаа қаласында ойнайды. Қарсыластары – Швейцария, Чехия, Швеция және Канада.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

26 сәуір. 18:00. Швейцария – Қазақстан

27 сәуір. 18:00. Қазақстан – Швеция

29 сәуір. 18:00. Чехия – Қазақстан

30 сәуір. 22:00. Қазақстан – Канада.

Ширек финал - 2 мамыр, жартылай финал – 4 мамыр күндері болады. 

Ал, финал мен үшінші орын үшін сайыс 5 мамырға белгіленген.

Айта кетсек, бұдан бұрын шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасының ықтимал қарсыластары анықталды.