Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы ӘЧ-2019-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Канададағы жастар әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандықтар бұл матчта Данияны жеңді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Айта кетейік, даттықтар біздің хоккейшілерге (19) қарағанда екі есе көп - 43 рет шайба лақтырған. Алайда, Сергей Старыгиннің қол астындағы хоккейшілер 4 шайба салып, жоғары көрсеткішке ие болды.

Бұдан бұрын топтық кезеңде қазақстандықтар Финляндиядан (0:5), АҚШ-тан (2:8), Словакия (2:11) мен Швециядан (1:4) жеңіліп, В тобындағы ең соңғы команда болған еді. Салған және лақтырған голдар айырмашылығы - 5:28.