Хоккейден Қазақстанның плей-офф чемпионаты басталады
Ширекфинал ауқымында төрт кездесу болады: "Арлан" (Көкшетау) - "Астана", "Ертіс-Павлодар" - "Барыс-2" (Астана), "Арыстан" (Теміртау) - "Алматы" және "Бейбарыс" (Атырау) - "Горняк" (Рудный). Алғашқы үш матч 17:00-де, соңғысы - 18:00-де басталады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Сондай-ақ бүгін Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты ауқымында Қазақстан құрамасы Қытай спортшыларымен күш сынасады. Кездесудің басталуы - сағат 15:00-те. Еске сала кетейік, кеше біздің шахматшы қыздарымыз Түркияны 3:1 есебімен ұтып, алғашқы жеңіске жетті. Алты турдан кейін біріншілік қожайындары турнир кесесінде алтыншы орында келеді.
Футзалдан ел чемпионатының 17-ші туры ауқымында алматылық ЦСКА оралдық «Тайпақпен» кездесуде.
Ойындар сағат 12:30-да басталып кетті.
Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында баскетболдан Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Павлодарда жергілікті Ертіс-АНХЗ «АстанаТигрімен» ойнайды, ал «Оқжетпес» «Алматымен» сынға түседі.
Шаңғы жарысынан Әлем кубоының 13-ші кезеңі ауқымында Қазақстан құрамасы классикалық стильде 15 шақырымдық қашықтықта сынға түседі. Оған команда көшбасшысы Алексей Полторанин де қатыспақ. Жарыс астана уақытымен сағат 16:00-да басталады.
Сочиде биатлоннан Әлем кубогының сегізінші кезеңінің эстафета жарыстары өтеді. 17:45-те жарыс жолына ерлер, ал 20:30-да қыздар шығады.
«Астана» велокомандасының жанкүйерлері үшін бүгінгі жарыс та қызықты болмақ. Францияда «Париж-Ницца» көпкүндігі аяқталады. Онда Андрей Гривко жақсы өнер көрсетіп, жоғары позицияда келеді. Әзірше ол оныншы орында, дегенмен велошабандоздың айтуынша, үшінші орынға қол созу үшін 30 секунд қана керек. Сонымен қатар Италияда «Астананың» қатысуымен «Тиррено-Адриатико» көпкүндігі жалғасуда, бүгін бесінші кезең өтеді.