Хоккейден ҚР құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатында өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден бірінші дивизиондағы А тобының 2018 жылғы әлем чемпионатын Венгрия астанасы Будапешт қабылдайтын болады.

Бұл туралы ҚР шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Матчтар келер жылдың 22-28 сәуірі аралығында 9 мың орындық «Ласло Папп2 Аренада» өтеді. Әлемдік хоккей элитасына жолдама алу үшін Қазақстан, Италия, Словения, Венгрия, Польша және Ұлыбритания бақ таластыратын болады.