«Барыстың» бұрынғы ойыншысымен екіжақты келісімшарт маусымның соңына дейін жасалған.
«Артем Лихотников 2018/2019 маусымын елордалық «Номадта» (13 матч, 6 шайба және 2 голдық пас) бастап, кейін «Молот-Прикамье» клубына (17 матч) өтті. Теміртаулық хоккей тәрбиеленушісі «Торпедода» 12-інші нөмірмен ойнайтын болады», - делінген клубтың хабарламасында.
Еске салайық, өткен маусымда Лихотников «Барыста» өнер көрсеткен еді. ҚХЛ тұрақты чемпионатының 32 матчында 4 (2 2) ұпай жинаған болатын.