НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өтетін шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогы ойындарының қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық турнир 16-19 тамыз аралығында өткізіледі.
Турнирдің барлық ойындары «Qazsport» және КХЛ телеарналары арқылы көрсетіледі.
Биыл 12-ші мәрте жалауын көтеретін жарысқа қазақстандық «Барыстан» өзге Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург) және «Металлург» (Магнитогорск) командалары қатысады.
Командалар бір айналымнан тұратын турнир өткізеді. Оның қорытындысы бойынша кубок жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын қашан өткізетіні анықталды.
Фото: www.teahub.io
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.