Хоккейден Ресей құрамасы әлем чемпионы атанды
16:54, 12 Мамыр 2009
            МӘСКЕУ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат  - Швейцарияда өткен хоккейден 2009 жылғы әлем чемпионатының финалдық матчында Ресейдің Вячеслав Быков басқарған құрама командасы  канадалықтармен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетіп, екінші жыл қатарынан чемпион атанды, 
                деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Өткен жылы да әлем чемпионатында ресейліктер Канада хоккейшілерінен басып түсіп, чемпион  кубогын жеңіп алған болатын.