Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстан жастары Венгриямен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионында алғашқы ойынын Венгрияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Норвегия, Венгрия, Латвия және Беларусь. Ойындар Данияның Херсхольм қаласында 12-19 желтосқан аралығында өткізіледі.

Қазақстанның қатысуымен өтетін ойын кестесі төмендегіше:

12 желтоқсан. 18:00. Венгрия - Қазақстан

13 желтоқсан. 18:00. Қазақстан - Норвегия

16 желтоқсан. 01:00. Қазақстан - Дания

16 желтоқсан. 21:30. Беларусь - Қазақстан

19 желтоқсан. 01:00. Қазақстан - Латвия.

Бас бапкер Александра Истомин төмендегі хоккейшілерге сенім білдірді:

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Әмірбеков («Номад»), Максим Павленко, Роман Шефер (екеуі де – «Снежные Барсы»).

Қорғаушылар: Әли Әлібек, Дмитрий Бреус, Хақназар Кеңесбай, Эдуард Шетле, Абылайхан Сүлейменов, Владислав Комаров (барлығы – «Снежные Барсы»), Иван Гавриленко («Торпедо»).

Шабуылшылар: Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов (екеуі – «Барыс»), Станислав Александров («Номад»), Роман Ермак, Әли Қасенов, Дмитрий Колодюк, Всеволод Логвин, Абай Маңғысбаев, Константин Морожников, Алдияр Нұрлан, Руслан Оспанов, Николай Шульга, Даниил Цыбин (барлығы – «Снежные Барсы»).