Аталған жарысқа 10 команда қатысады: Қазақстан, Канада, Чехия, Швеция, АҚШ, Ресей, Финляндия, Словакия, Швейцария және Дания.
Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жастар арасындағы Әлем чемпионатынтрансляциялау құқығына ие болды. Аталған матчты «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы «В» тобында Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ-пен кездеседі.
Қазақстан жастар құрамасы бірінші дивизионның «А» тобында бес кездесуін жеңіспен аяқтап, Жоғарғы дивизионға жолдама алған болатын.