Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан Норвегиядан басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының «А» тобындағы төртінші матчтың аясында Қазақстан құрамасы Норвегия командасымен кездесті.

Бірінші кезеңде Норвегия ойыншылары Йеспер Нипе мен Магнус Хенриксен қазақстандық команданың қақпасына бір-бір шайбадан кіргізді. Екінші жиырма минутта қазақстандық Әлихан Әсетов есепті теңестірді. Ойынның үшінші кезеңінде хет-трикті ресімдеген Әлихан Әсетов командасын овертаймға өткізді. Буллиттер топтамасында Владимир Волков Қазақстанға жеңіс сыйлады, деп жазады Sports.kz.

20 желтоқсан күні Қазақстан құрамасы Австрия командасымен ойнайды.