Хоккейші ҰХЛ матчында жанкүйердің тұмсығын бұзды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық xоккей лигасында өткен матчтардың бірінде  «Колорадо Эвеланш» командасының xоккейшісі Франсуа Бошемен соққан шайба тура бейнекамераның тесігіне кіріп, жанкүйердің бетіне тиді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған матч бүгін түнде өтті. "Колорадо" 1:5 есебімен ұтылып қалды. Бірінші кезеңде Бошемен шайбаны борттан шығарып жібергісі келді. Алайда шайба тура камера тұратын тесікке кіріп кетті. Жарақат алған жанкүйердің бетінен қан сорғалай ақты. Алайда ол бірден бетін сүлгімен жауып, қанды тоқтатты.

Жарақатына қарамастан жанкүйер ойын соңына дейін трибунада отырды.