Көрме ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Израиль мемлекетінің Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.
Холокост құрбандарын еске алу халықаралық күні 2005 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының қарарымен бекітілді. 1945 жылғы 27 қаңтарда Освенцим ажал лагері кеңес әскерлерінің күшімен азат етілді.
Аталмыш көрме өз өмірлеріне төніп тұрған қауіпке қарамастан Холокост қырғынынан еврейлерді құтқаруға атсалысқан «Әлем халықтарының тақуалары» есімдерін мәңгі есте сақтау.
2017 жылдың соңында Яд Вашем (Yad Vashem) мемориалдық кешенінің тізімінде Әлем халықтарының тақуалары болып танылған 27 мың адамның есімі жарияланды. Олардың арасында жазықсыз адамдарды құтқару жолында ресми нұсқаудан бас тартқан дипломаттар да бар. Олардың кейбірі ақыр соңында жұмыстан босатылып, еврей жұртына қол ұшын бергені үшін өз беделінен айырылды.
Көрме материалдары Әлем халықтарының тақуалары атағымен марапатталған дипломаттар туралы ақпаратты қамтиды, сонымен қатар Холокост кезіндегі үрейлі жылдары қандай жағдайлар орын алғанын баяндайды.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында 30 қаңтар күні ашылатын көрме 16 ақпанға дейін жалғасады.