деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еліміздің интернет-банкинг жүйесінің көшбасшысы саналатын Homebank.kz-тің тіркелген 200 мыңыншы тұтынушысы GCM-Қазақстан компаниясының қызметкері Ержан Жақыпов болды. Оған банктің аталмыш жоба бойынша серіктесі iPoint.kz дүкендер желісі өз сыйлығын жасап оны Қазкоммерцбанктің Инновациялық технологиялар департаментінің директоры Нұрлан Жағыпаров табыс етті. Оның айтуынша бұл порталдың пайданушылары ай сайын 500-дей адамға толығып отырады.
«Қазкоммерцбанк Қазақстанда электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) шығаруға және пайдалануға арналған Куәландыру орталығын ең бірінші боп ашқан болатын. ЭСҚ электронды құжатты заңдық күшіне енгізу үшін пайданылады. Оның заңдық күші өкілетті тұлғаның қолы мен мөрі басылған қағаз құжатпен тең. Банк клиенттері ЭСҚ кілті арқылы Homebank.kz қаржы порталындағы қызмет түрлерін пайдалана алады. Атап айтқанда ҚР Заңдары бойынша өкілетті тұлғаның қол қоюын талап ететін: жеке есеп-шоттағы қаржыны карт-шотқа аудару, карточкадан карточкаға ақша аудару, шоттағы қаржыны үшінші тұлғалардың атына аудару сияқты банктік операцияларға қатыса алады. Сонымен қатар ЭСҚ кілті арқылы депозитке ақша салу және ондағы ақшаны алу, бағалы металлдарды сатып алу және сату, ағымдағы есеп-шотардағы қаржыны конвертациялауға болады», - дейді Нұрлан Жағыпаров.