Ресми ақпаратқа орай, 2013-2016 жылдар аралығында АҚШ нарығына арналып құрастырылған Accord седанында ақау табылған. Гибридті көліктің электр энергиясын жинақтайтын батареясы сенсорлары мотордың ішкі жану процесіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде мотордың жанып кету қаупі бар.
Honda компаниясының АҚШ-тағы клиенттеріне жүргізілген сауалнамаға орай, аталған ақаулық кесірінен зардап шеккендер жоқ. Көліктерді мониторингтеу үдерісі осы айдың соңына дейін жүргізіліп, толығымен жөндеу шаралары іске асырылады.