АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Австралияның Перт қаласында өтіп жатқан Хопман кубогы матчының келесі кезеңінде Бельгиямен ойнайды. Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтар күні басталған байрақты бәсекенің алғашқы ойынын Сербия құрамасымен өткізген еліміздің теннисшілері 3:0 есебімен ұтылып қалған болатын.
Турнир австралиялық теннисші әрі жаттықтырушы Гарри Хопманның құрметіне өткізілуде. Ол аталған елдің ұлттық құрамасының 1938-1969 жылдары аралығында Дэвис кубогын 15 мәрте жеңуіне өз үлесін қосқан.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.