08:20, 25 Мамыр 2009
Хорст Келер бесжылдық мерзімге Германия Президенті болып сайланды
БЕРЛИН. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Германия Федеративтік Республикасының қазіргі Президенті Хорст Келер сенбі күні өткен дауыс берудің бірінші кезеңінде ел басшылығына тағы бесжылдық мерзімге сайланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. «Әлемді әбігерге салып отырған дағдарысты біздің еліміз де бастан кешіруде. Бізді көп жұмыс күтіп тұр және біз олардың барлығын атқара алатынымызға сенімдімін. Германияның түкпір-түкпірінде идеялар да, оларды жүзеге асыратын күштер де жеткілікті. Біздің еліміз - қуатты ел! Біз осынау күшті сезінеміз және оны қоғамымыздың қуатын арттыру үшін қолданамыз. Демократия дегеніміз ? біздің барлығымыз. Мұны барша халық ұғынуы керек», -деді Германия Президенті өзінің алғысөзінде. Германияда сайлау жалпы халықтық дауыс беру жолымен өтпейді. Мемлекет басшысын құрамында 1 224 делегат кіретін Федералды жиналыс сайлайды. Олардың жартысы ? 612 адам - бундестаг депутаттары, қалған 612-сі - 16 федералдық өлкелер атынан сайланған сайлаушылар.