сондай-ақ дипломатиялық миссиялар басшыларының қатысуымен салтанатты қабылдау өтті.
Бұл туралы ҚР Хорватиядағы елшілігінің баспасөз хатшылығынан хабарлады.
Қабылдау рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Хорватиядағы Уақытша сенімді өкілі Төлежан Барлыбаев, «Қазақстанның өткен екі онжылдықтың дағдарысынан табысты өтіп, оны нарықтық экономикаға көшу мен инфрақұрылымның, сонымен қатар азаматтық қоғам институттарының құрылуымен аяқтағанын атап өтті.
Сондай-ақ ол Елбасының басшылығымен "Қазақстан - 2050" стратегиясын іске асыру бағытындағы атқарылып жатқан оңды істерге тоқталды.
Хорватияның Еуропалық одаққа кіруі қазақстан-хорват ынтымақтастығының дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашқаны туралы атап өтілді. Екі жақты сауда айналымының ағымдағы жылы екі есеге өсіп, 300 млн. долларға жеткеніне қарамастан, өзара сауданың көлемі екі елдің мүмкіндіктеріне сай келмейтіні аталды.
Қабылдау барысында еліміз туралы бейнематериалдар, альбомдар және кітаптардың таныстырылымы өтті. Қазақстанда бірнеше рет болған Загреб фотоәуесқойы Весна Павличевичтің «Қазіргі Қазақстан» атты фотокөрмесі меймандардың қызығушылығын танытты.