Хорватияда әлемдегі ең тереңде тіршілік ететін қырықаяқ түрі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватияда ең тереңдікте тіршілік ететін қырықаяқтың жаңа түрі табылды. Geophilus hadesi қырықаяғын Ұлттық жаратылыстану-тарихи мұражайынан (София) Павел Стоевтің басшылығымен ғалымдар ел орталығындағы Велебит тауларындағы үш тіке үңгірден тапты.

Олар басқа омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді, олардың осы жағдайға сипатты ерекшеліктері: улы безді жағы, аяқтарының ұштарында құрбанын қармауға арналған иілген тырнақтары бар.

Басқа үңірде мекен ететін қырықаяқтар сияқты 1 шақырым тереңдікте тіршілік ететін Geophilus hadesi жәндігінің ұзын антеннасы мен дене сегменттері бар.