Қалған екі үміткер - «Тірі қабырға» үкіметтік емес ұйымынан Иван Синчич пен «Хорват таңсәрісі» оңшыл радикалдық партиясынан Милан Куюнджич тиісінше 16,43% және 6,30% дауыс жинауда. Бюллетендердің жалпы санының 1,61 пайызы жарамсыз деп танылды.
Сөйтіп, елде сайлаудың екінші туры күтілуде, өйткені кандидаттардың бірде-біреуі сайлаушылардың 50 пайызының дауысына қол жеткізе алмады. Екінші раунд 2015 жылғы 11 қаңтарда болады, президенттік орынтақ үшін Иво Йосипович пен Колинда Грабар-Китарович күресті жалғастырады. Сайлаушылардың қарапайым көпшілік дауысын иеленген үміткер Мемлекет басшысы болады.