Хорватияда ұшақ теңізге құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын спорттық ұшақ Хорватияның Водице қаласы маңында теңізге құлады, деп хабарлайды ТАСС Хина агенттігіне сілтеме жасап.

Шибеник-Книн провинциясы полициясының мәліметтеріне қарағанда, ұшқыш зардап шекпеген. Апат салдары әзірге белгісіз. Ұшақты суда шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.