Тасқа айналған тістің болмысына қарағанда, бұл акуланың ұзындығы кем дегенде 18 метр болғанын шамалауға болады. Мегалодон акуласы тарихта ең ірі және ең мықты жыртқыш болып саналған. Загреб табиғи тарих мұражайының геологтары бұл акуланың 16-дан 2,6 миллион жыл бұрын уақытта, неоген кезеңінде өмір сүруі мүмкін екенін айтып отыр. Мегалодон сол кезде жер-жерде, соның ішінде Паннонда - қазіргі Венгрия, Словакия, Сербия, Румыния, Хорватия, Австрия және Украина аумақтарында болған шағын көне теңізде кездескен.
07:45, 23 Тамыз 2015
Хорватияда жергілікті тұрғын көне заманда тіршілік еткен алып акуланың тісін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватиядағы Покупско кентіне жақын орналасқан Купа өзенінен жергілікті тұрғын миллиондаған жыл бұрын тіршілік еткен акуланың тісін тапты.