Хорватиядағы президент сайлауында Зоран Миланович жеңіске жетті

Фото: Фото: freepik.com

АСТАНА.KAZINFORM - Хорватиядағы президент сайлауының екінші турында қазіргі президент Зоран Миланович алда келеді. Бұған exit poll нәтижесі дәлел. Миланович 70 пайыздан астам дауыс жинады, деп жазады Euronews.

Басты бәсекелес, билеуші ​​Хорватия демократиялық одағы партиясы қолдайтын Драган Приморац шамамен 26% дауыс жинады.

- Экзит-полл нәтижесі бойынша Зоран Миланович президент сайлауының екінші турында сенімді түрде жеңіске жетті. Миланович 73 пайыз дауыс жинаса, оның қарсыласы Драган Приморац 26 пайыз дауыс жинады, - дейді Душан Илич.

Оның айтуынша, екінші раунд алдында жүргізілген сауалнама Милановичтің жеңісіне болжам жасаған, бірақ бірінші раундтағыдай бұл жеңістің қаншалықты сенімді болатынын дұрыс бағалай алмаған. Миланович 16%-ға артық, Приморац 6%-ға аз дауыс жинады.

- Сайлаудағы осы жеңісінің арқасында Зорам Миланович тарихта қайта сайланған Хорватияның үшінші президенті болды. Оның алдында мұны тек Франьо Туджман мен Стип Месич жасай алды, - деп қосты Душан Илич.

Бұдан дейін хабарлағанымыздай, 29 желтоқсанда өткен бірінші турда Зоран Миланович басқа жеті кандидатқа қарсы 49,7% дауыс жинаған, бұл абсолютті жеңіске жету үшін қажетті бюллетеньдердің жартысынан сәл аз.