Басты бәсекелес, билеуші Хорватия демократиялық одағы партиясы қолдайтын Драган Приморац шамамен 26% дауыс жинады.
- Экзит-полл нәтижесі бойынша Зоран Миланович президент сайлауының екінші турында сенімді түрде жеңіске жетті. Миланович 73 пайыз дауыс жинаса, оның қарсыласы Драган Приморац 26 пайыз дауыс жинады, - дейді Душан Илич.
Оның айтуынша, екінші раунд алдында жүргізілген сауалнама Милановичтің жеңісіне болжам жасаған, бірақ бірінші раундтағыдай бұл жеңістің қаншалықты сенімді болатынын дұрыс бағалай алмаған. Миланович 16%-ға артық, Приморац 6%-ға аз дауыс жинады.
- Сайлаудағы осы жеңісінің арқасында Зорам Миланович тарихта қайта сайланған Хорватияның үшінші президенті болды. Оның алдында мұны тек Франьо Туджман мен Стип Месич жасай алды, - деп қосты Душан Илич.
Бұдан дейін хабарлағанымыздай, 29 желтоқсанда өткен бірінші турда Зоран Миланович басқа жеті кандидатқа қарсы 49,7% дауыс жинаған, бұл абсолютті жеңіске жету үшін қажетті бюллетеньдердің жартысынан сәл аз.