Хорватиядағы пойыз апаты кезінде зардап шеккендердің саны артты

None
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Хорватияның астанасы Загребтің орталық вокзалына кіреберістегі бетон жақтауға соқтығысқан пойыздың апаты кезінде 50 адам зардап шекті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Пойыз Загребтің оңтүстік-шығысында 60 шақырым жерде орналасқан Сисак провинциясына бағыт алып бара жатқан болатын. Белгісіз себептер бойынша пойыз вокзалға кірген кезінде тоқтамаған және рельстен шығып кетіп жақтауға соқтығысқан. Полиция апаттың метеожағдайға байланысы бар-жоғын анықтауда: Загребке қалың қар түскен болатын.