Хорватиядағы президенттік сайлауда елдің бұрынғы премьері жеңіске жетті
08:39, 06 Қаңтар 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Хорватия президент сайлауының екінші кезеңінде оппозициялық Социал-демократиялық партияның атынан сайлауға түскен елдің бұрынғы премьер-министрі Зоран Миланович жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.соm сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік сайлау комиссиясы бюллетендердің 99%-ын тексеріп шығып, Милановичтің 53% дауыс жинағанын мәлім етті. Елдің қазіргі президенті Колинда Грабар-Китаровичтің нәтижесі - 47%.
Бірінші кезеңмен салыстырғанда, президенттікке үміткерлер арасындағы айырмашылық екі есеге артты, алайда әлеуметтік сауалнама бойынша екінші кезеңде айқын көшбасшы болған жоқ.
Дауыс беру нәтижесі билік басындағы Грабар-Китарович қолдайтын «Хорватия демократиялық достастығы» партиясы үшін үлкен соққы болды.
Еске сала етсек, 1 қаңтардан бастап Еуропа одағында төрағалық ететін Хорватияда осы жылдың соңында парламент сайлауы өтеді.