АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан Хорватия құрамасының қақпашысы Доминик Ливакович Германияның «Бавария» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұндай шешім «Баварияның» негізгі қақпашысы Мануэль Нойердің аяғынан жарақат алып қалуына байланысты қабылданып отыр. Салдарынан ол биылғы футбол маусының соңына дейін жасыл алаңға қайта орала алмайды деген болжам бар.
Бұл ретте «Бавария» басшылығы екі нұсқаны қарастырады. Алғашқысы – Францияның «Монако» клубынан Александр Нюбелдің жалға алу мерзімін тоқтатып, командаға қайта қосу болса, екіншісі – Доминик Ливаковичпен келісімшарт жасау.
Әлем чемпионатында хорватиялық қақпашы бес кездесуде өз қақпасына небәрі үш гол жіберіп алды. Ал, өзі ойнайтын Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубында 28 кездесуде 35 голды қақпасынан алып шығуға мәжбүр болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын хорватиялық қақпашы пенальти сериясында сэйв жасаудан рекордтық көрсеткішті қайталады.
Фото: :ГОЛУБОВИЧ ДМИТРИЙ, «ЧЕМПИОНАТ»
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.