Хорватияның астанасында «Үйлесімділік сабақтары» қазақстандық фильмінің таныстырылымы өтті

АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Загребте Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында түсірілген «Үйлесімділік сабақтары» кинокартинасының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Хорватиядағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен.

Фильм Хорватияның астанасында 20-27 қазан аралығында өтіп жатқан 11-ші халықаралық «Zagreb Film Festival» фестивалінің аясында көрсетілді. Жас қазақстандық режиссер Әмір Байғазиннің драмалық картинасы қазіргі замандағы жастардың үйлесімлідікті іздеп, қоршаған айналаның жас ұрпақтың нәзік ішкі дүниесіне әсері жайлы түсірілген. Хорватиялық кино шығармашылығын бағалаушылар режиссердің талантын және фильмде түсірілген көріністердің шынайылығын, көтеріліп отырған тақырыптардың маңыздылығын бағалады.

Ағымдағы жылы осы фильм «Күміс аю» Берлиндік кинофестивалінің сыйлығын жеңіп алды, Франциядағы кинофестиваль сыйлығына ие болып, Варшавадағы 29-шы халықаралық кинофестивальде қазылар алқасының оң бағасына, сонымен қатар Еуропаның және АҚШ-тың бірқатар марапаттарын иеленді.