Хосни Мүбарак мемуарлар кітабын шығармақшы

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак әлемге өзінің ой толғаныстары туралы, жеке құпиялары мен мансабының қалыптасуы хақында жаңадан жазылған мемуарлар кітабында әңгімелемекші.

Кітап АҚШ-тың ірі баспа үйлерінің бірінде жарыққа шығады, деп жазады «Московский Комсомолец» газеті.

"Масрави" интернет порталының мәліметтері бойынша, Хосни Мүбарактың зайыбы Сюзан қазіргі уақытта кітапты бірнеше тілде, атап айтқанда араб, ағылшын, және француз тілдерінде басып шығару үшін баспамен тығыз қарым -қатынас жасап, келіссөздер жүргізуде.

Бұрынғы Мысыр көшбасшысы мемуар жазуды билікте жүріп бастаған. Оған мұндай идеяны берген Мысырдың бір ірі басылымдарының бас редакторы көрінеді.