Хосни Мүбарак өлім жазасына кесілуі мүмкін
16:03, 01 Мамыр 2011
АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарактың демонстранттарға қарсы оқ ату туралы бұйрық бергені дәлелденсе,
ол өлім жазасына кесілуі мүмкін, деп мәлім етті елдің әділет министрі Мұхаммед әл-Гинди. Бұл туралы «Маяк» радиосы хабарлады.
Наразылық шараларынан кейін Мүбарак отставкаға кетуге мәжбүр болып, ақпан айында ел басына жаңа үкімет келген болатын.