Хосни Мүбәрак осы аптада түрмеден босап шығуы мүмкін

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак осы аптада түрмеден босап шығуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.

Оның адвокатының мәлімдеуінше, Мысырдың экс-президенті Х.Мүбәрак өзіне тағылған жемқорлық ісіне қатысты айыптаулар алынғаннан кейін осы апта ішінде түрмеден босап шығуы ықтимал.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы ақпан айында биліктен аластатылған Мүбәрак бастапқы кезде бостандықта жүрді. Бірақ көп ұзамай оны ереуілшілерді өлтіру және жемқорлық айыптары бойынша жауапкершілікке тартты. Сот 2012 жылы жазда өткен болатын. Бүкіл елдің назары осы іске ауды. Өлім жазасына кесу керек деген ұсыныстарға қарамастан, сот оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолданды.