Еске сала кетейік, Мысырдың экс-президенті 2011 жылдың 21 қаңтардағы төңкерісте шеруге шыққандардың өліміне кінәлі деп айыпталып отыр. Бүгін 86 жастағы Хосни Мүбәрәк тікұшақпен әскери госпитальдан Полиция академиясының ғимаратына жеткізілді. Онымен бірге, Мүбәрәктың ұлдары, ІІМ бұрынғы басшысы аль-Адли мен оның алты көмекшісі де сотқа келді.
17:19, 27 Қыркүйек 2014
Хосни Мүбәрәкқа қатысты сот үкімін жариялау уақыты 29 қарашаға ауыстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каирдың қылмыстық істер жөніндегі соты сенбіге жоспарланған Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәкқа қатысты үкімді жариялау күнін кейінге шегерді. Шағым бойынша қайта қаралған сот үкімі 29 қарашада жарияланады.