"Олай болған жағдайда, Мысырды 30 жыл басқарып, 2011 жылдың 11 ақпанында халықтың жаппай наразылығы аясында отставкаға кеткен ел көшбасшысы америкалық Microsoft корпорациясының негізін салушы, дүние-мүлкі 54 млрд. долларға (2010 жылғы дерек бойынша) бағаланатын Билл Гейтстен дәулетті болып шығады", - деп хабарлайды РБК N24 неміс телеарнасына сілтеме жасап.
80 миллион адамның жартысынан көбі күніне 2 долларға күнелтетін Мысыр халқы айына ресми түрде 808 доллар жалақы алған Х.Мүбәрак миллиардтарды қайдан тапқанын түсінбей әлек.