Мемлекеттің бұрынғы басшысы қазынадан 160 миллион АҚШ долларын жымқырды деп күдіктеліп отыр.
Қазіргі уақытта Хосни Мүбәрак Каир маңындағы абақтыда жатыр. Өмір бойы темір тордың ар жағына қамалады деген үкім күшін жойды. Оны 13 сәуір күні қайта қарайды. Жақын арада мемлекеттің бұрынғы басшысы түрмеден босайды деп күтілген еді. Алайда осы іске байланысты оны тағы жарты ай қамауда ұстайтын болды.