«Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денесін туған жеріне тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Бұдан басқа, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмектеседі», — деп хабарлады әкімдіктен.
Жерлеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қаза тапқандардың туыстары мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады: 7 707 779 07 08, 7 777 312 08 08.
«Алматы әкімдігі өрт салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген хабарламада.
Алматыда хостелде болған өрт туралы соңғы мәліметтер мына жерде.