Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, науқастың біріне көмірқышқыл газына улану диагнозы қойылды.
«Оның жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты деп бағаланып отыр. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емделуге жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.
Дәрігерлердің айтуынша, барлық зардап шеккен адамға толық көлемде қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілетін болады.
Бұған дейін мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.