Хот-дог жеп жарысқан павлодарлық бір ай бойы тегін тамақтанады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қала күніне орай төменгі жағалауда ерекше жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жергілікті кәсіпкер Алексей Мазурдың айтуынша, жеңімпазға басты сыйлықретінде бір ай бойы тегін тамақтану мүмкіндігі ұсынылады.

«Үш минуттың ішінде ең көп хот-дог жеп үлгеру керек. Бұған дейін басқа дакішігірім шаралар өткізген болатынбыз. Бүгін қалаға сыйлық жасауды жөн көрдік.Тұрғындарға ұнап жатса, алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз. Сондықтанжағалауда ретро стильде жаңа жылдам тамақтанатын нүкте аштық», – дейді кәсіпкерАлексей Мазур.

Павлодар қаласы ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы ЕркінЕскендіров атап өткендей, 2013 жылы кәсіпкерлік бөлімге жеке кәсіпкер ағашқыпавильон орнату үшін жер учаскесін алуға келген.

«Қазіргі таңда Павлодар қаласында сегіз нүктесі бар. Бұл осымен іске қосылып отырған тоғызыншыорын. Жоба аясында 40 шақты жұмыс орны ашылды. Әрі қарай жұмысын жалғастыруда,- дейді бөлім басшысы.

Байқаудың нәтижесінде он адамның ішінде он алты хот-догтың тоғызын тауысқанЖандос Төкіш жеңімпаз атанды.

«Арнайы дайындалған жоқпын. Хот-догты жақсы көремін. Бүгін түсте жақсылап тамақ ішіп шыққанмын.Бір ай бойы тегін тамақ ішетінім қызық болды. Инстаграм арқылы қатыстым. Мұндайжарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Жұбайым мен балаларым, әпкелерім қолдауғакелді, - дейді 24 жастағы Жандос Төкіш.


Соңғы жаңалықтар