Хромтау-Ақтөбе-Хромтау бағытында жеңіл көліктерге жол ашылды
15:54, 10 Ақпан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері тәулік бойы жол тазалап, автокөліктерді қар құрсауынан құтқарып, жеңіл көлік қозғалысына рұқсат берді.
Қазіргі таңда қозғалыс арнайы колоннамен ұйымдастырылған. Хромтау-Ақтөбе бағытындағы колоннада 250 көлік, Ақтөбе-Хромтау бағытында - 200 көлік.
Жолды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.