Хромтауда өрт кезінде 55 адам құтқарылды

Фото: Фото: ТЖМ

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Бүгін Ақтөбе облысы Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттардың жанды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде өрт сөндірілді.

ТЖМ күштері үш иінді сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адам, оның ішінде 12 бала эвакуациялады.

«ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген хаабарламада.