Хруничев атындағы ғарыш орталығының жаңа басшысы тағайындалды
01:37, 21 Қазан 2012
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Хруничев атындағы ғарыш орталығы басшысының бұрынғы орынбасары Александр Селиверстов аталған кәсіпорынның жаңа басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлады.
А. Селиверстовтің бұрынғы бастығы Владимир Нестеров 2012 жылғы 15 тамызда «Бриз-М» блокындағы апаттан екі аптадан кейін отставкаға кеткен еді. Апаттың кесірінен "Телком-3" және "Экспресс-МД2" байланыс спутниктері орбитаға шығарылмай қалған болатын.
М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығы жеңіл және ауыр санатты зымырандар, байланыс спутниктерін жасақтайды және шығарады. Оның ең танымал өнімдері - "Протон-М" және "Протон-К" зымырандары.