Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа келісімшарт Intelsat компаниясына өзінің орбиталық тобын басқаруда қажетті икемділігі мен ұшыру кестесін іске асырудың талап етілетін кепілдіктерін қамтамасыз етуге арналған.
Спутниктерді «Протон-М» ЗТ-ның құрамында мақсатты орбитаға шығару үшін «Бриз-М» жүрдек блогы (ЖБ) қолданылады. Ауыр кластағы «Протон-М» ЗТ мен «Бриз-М» ЖБ жасалып, «М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығында» топтамамен шығарылуда.