Оның сөзіне қарағанда, бұл бастама ел үкімет тарапынан көтеріледі және жағдайды Бейжің бақылайтын болады. ҚХР басшысының бұл сөзі Бразилиа қаласында Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай елдерінің саммитінде айтылды, дегенмен қытайлық СІМ оларды өз сайттарында бүгін ғана жариялап отыр, деп хабарлайды РБК.
Бұған дейін Қытай орталық банкінің өкілдері АҚШ тарапының қысымына жауап ретінде ұлттық валютаның курсын өзгерту мүмкіндігі туралы мәлімдеген.
2008 жылдан бері Қытай долларға қатысты юань құнын жасанды түрде төмен ұстап отыр. Курстық айырмашылыққа байланысты қытай тауларлары американдық заттарға қарағанда төмен, осыған орай нарықта өтімді. Бұл жағдай Вашингтон тарапының бірнеше мәрте наразылығының себебі болған еді.