Huawei GITEX Central Asia and Caucasus 2026 аясында өнеркәсіптік ЖИ-инфрақұрылым саласындағы көшбасшылығын нығайтты

АСТАНА. KAZINFORM - Huawei компаниясы 4–5 мамыр күндері өткен GITEX Central Asia and Caucasus 2026 көрмесіндегі жұмысын қорытындылады. Стратегиялық демеуші ретінде компания өңірдің цифрландырудан өнеркәсіптің толыққанды интеллектуалды дамуына көшуіндегі көшбасшы рөлін бекітті.

Фото: Huawei

«Advancing Industrial All Intelligence» тақырыбы аясында Huawei инфрақұрылым ЖИ-ді жедел енгізу барысында негізгі шектеуші факторға айналатынын көрсетті. Интеграцияланған экспозиция арқылы компания келесі буындағы ИКТ негізі ЖИ-ді нақты өмірде ауқымды түрде енгізудің шешуші факторы екенін таныстырды.

Huawei интеллектуалды есептеулер және деректерді өңдеу орталықтарына арналған тиімді әрі тұрақты шешімдер саласындағы жетістіктерін ұсынды. Олардың қатарында SuperPoD архитектурасының арқасында 128-ге дейін ЖИ-стойканы бір логикалық серверге біріктіре алатын, ЖИ-ді оқыту мен инференс үшін жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін сұйықтықпен салқындатылатын Atlas 950 супернодтары бар. ЖИ-кластерлер жоғары тұрақтылықты талап ететіндіктен, Huawei AIDC шешімі тұрақты есептеу қуатын қамтамасыз ету үшін көпдеңгейлі жоғары сенімді жүйе қалыптастырады.

Фото: Huawei

Көміртек бейтараптығы мақсаттарына сәйкес, бұл шешім энергиямен жабдықтау және салқындату тізбегін оңтайландырып, энергия тиімділігін айтарлықтай арттырады. Қазақстанның -40°C-қа дейін жететін төмен температураларына бейімделген аязға төзімді конструкциясы интеллектуалды қызмет көрсетумен үйлесіп, жыл бойы үздіксіз жұмысты қамтамасыз етеді. Модульдік жинақ архитектурасының арқасында жеткізу циклдері 30%-ға қысқарып, жылдам енгізу мен икемді масштабтауға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында Huawei жоғары өнімді есептеулерді, төмен кідірісті байланысты және энергия тұрғысынан тиімді деректер инфрақұрылымын нақты салалық нәтижелермен байланыстыратын жүйелі тәсілді де ұсынды. Мемлекеттік басқару, мұнай-газ саласы, қаржы және көлік секторларында компания ЖИ-дің пилоттық жобалардан өндірістік деңгейге өтуін көрсететін қолданбалы кейстерді таныстырды. Бұл операцияларды оңтайландыруға, жүйелердің тұрақтылығын арттыруға және жаңа экономикалық құндылық қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтер саласында бұл ЖИ негізіндегі бейнеаналитика, біріктірілген басқару жүйелері және шешім қабылдау дәлдігін арттыруға бағытталған интеллектуалды сот платформалары арқылы жүзеге асырылды. Мұнай-газ саласында Huawei барлау кезеңінен бастап құбырларды мониторингілеу мен интеллектуалды өңдеуге дейінгі барлық құн тізбегінде ЖИ мен бұлтты технологияларды қолдануды көрсетті.

Фото: Huawei

Қаржы секторында талқылаулар үлкен көлемдегі деректерді нақты уақыт режимінде өңдей алатын ЖИ-ге дайын инфрақұрылымға бағытталды. Ал көлік саласында 5G, бұлт және ЖИ интеграциясы қауіпсіздігі мен операциялық тиімділігі жоғары бейімделгіш автомобиль және теміржол жүйелерін құруға мүмкіндік береді.

— ЖИ туралы пікірталастар тереңдей түскен сайын, негізгі мәселе технологиялардың қолжетімділігінде емес, оларды нақты жағдайда тұрақты енгізуді қамтамасыз ететін базалық инфрақұрылымның дайындығында болып отыр. Орталық Азия мен Кавказда ұйымдар негізгі операцияларға интеллект енгізуге ұмтылғандықтан, жоғары өнімді есептеулерге, сенімді желілерге және тиімді деректер жүйелеріне сұраныстың артқанын байқаймыз», — деді Джеки Чжан, Huawei Орталық Азия аймағының президенті.

— «GITEX Central Asia and Caucasus 2026 көрмесінде біз "Huawei + Partner" стратегиясына ерекше назар аудардық. Серіктестерді, жергілікті экожүйелерді және енгізу мүмкіндіктерін дамытуға инвестиция сала отырып, біз клиенттерге инфрақұрылымға салынған инвестицияларды нақты нәтижеге айналдыруға және интеллектуалды операцияларға өтуді жеделдетуге көмектесеміз-.

Іс-шара барысында Huawei бес салалық форум мен көптеген сараптамалық сессиялар өткізіп, ИИ трендтері мен енгізу мәселелерін талқылау үшін сала көшбасшыларын, серіктестер мен клиенттерді біріктірді. Бұл алаң терең техникалық тәжірибе алмасуға, стратегиялық диалог жүргізуге, серіктестіктерді талқылауға және меморандумдарға қол қоюға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде Huawei Орталық Азия мен Кавказдағы экожүйелік ынтымақтастықты ұйымдастырушы ретіндегі рөлін нығайтты.

Huawei-дің қатысуы кең стратегиялық сигнал болды: ИИ негізіндегі өсім үшін бәсекелестік артықшылық базалық инфрақұрылымның қуаттылығы, тиімділігі мен икемділігіне байланысты анықталады. Компания өзін өңірдің интеллектуалды болашағын қалыптастырудағы ұзақ мерзімді серіктес ретінде позициялайды.