Hubble телескопы екі галактиканың соқтығысуын түсіріп алды

АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат - Hubble ғарыш телескопы тағы бір ғаламат ғарыш құбылысын - Күн жүйесінен 2502 миллион жарық-жыл қашықтығындағы екі ірі спиральды галактиканың соқтығысуы құбылысын түсіріп алды.

Бір қарағанда,   суретте  бір  ғана галактика көрінеді,  бірақ  іс жүзінде   - ол     қосылу  үдерісі  аяқталып  келе жатқан  екі   галактика,   дейді    ғалымдар.   Бұл туралы  Utro.ru сайты  хабарлап  отыр.

NASA-дағылардың  айтуынша,   екі  галактиканың    орталықтары  бір өзекке айналып біткен,    жаңадан   түзілген NGC 2623  деп  аталатын  нысанның  перифериялық      аумақтары   бір-біріне    секундына 250 шақырымнан  астам  жылдамдықпен   екпіндеп   келеді.

Оған  қоса,    біріккен   нысанның ішінде   жаңа жұлдыздардың   белсенді  түзілу   үдерістері   басталуда, дейді  ғалымдар.